Түркістан қаласының тұрғыны Әлиакбар Юлдашевті Оңтүстік Кореяда мемлекеттік марапатқа ұсынды. Қазақстандық азамат 10 адамды өрттен құтқарған. Қазір бұл туралы әлемдік басылымдар да жарыса жазып жатыр. Бірақ Әлиакбар өзін батырмын деп есептемейді. Ол әлеуметтік желі арқылы біздің тілішімізге сұхбат берді.
Жалынның күшті болғаны сонша, жерлесіміз дене жарақатын алды. Арқасы мен мойынын күйік шалған. Бұл ерлігі үшін көршілері Әлиакбарды құрметке лайық деп жатыр. Оны дәрігерге көрсету үшін 7 миллион вон жинап та береді.
Әлиакбарды Түркістандағы отбасы да асыға күтіп отыр. Ол Оңтүстік Кореяға жұмыс Істеу үшін 2017 жылы кеткен.
Әлиакбар да отбасын сағынып жүр. Бірақ оларды көріп мауқымды басқан соң, Кореяға қайта оралғысы келеді.
Бұл жолы заңсыз емес, ресми жұмыс берушінің шақыртуынан үмітті.
Ақерке БЕРІКБЕК