Иттер COVID-19 тасымалдаушыларын анықтай ала ма? Мамандар жауабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иттер COVID-19 тасымалдаушыларын анықтай ала ма? Мамандар жауабы

22.04.2020
Иттер COVID-19 тасымалдаушыларын анықтай ала ма? Мамандар жауабы

Егер ауа арқылы жұғатын аурулардың биомаркерлері бойынша COVID-19 тасымалдаушыларын анықтауға болатындығы дәлелденсе, иттер коронавируспен күресте көмек көрсете алады. Ресейдің кинология федерациясы басшысы Владимир Голубев осылай дейді. 

Бұған дейін Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің мамандары иттердің COVID-19-ды жұқтырған науқастарды ерекше иісі арқылы анықтай алатынын айтқан еді. Олар алты апта ішінде иттерді COVID-19 тасымалдаушыларын тануға үйретуге болатындығын және олар сағатына 250 адамды тексеруге қабілетті екенін мәлімдеді.

Владимир Голубевтің айтуынша, әрбір аурудың өзіндік иісі болады. 

«Жануарлар адамның дене температурасының өзгеруін сезе алады. Егер бұл дерек дәлелденсе, иттер тіпті вирус белгілері жоқ адамдарды да тексере алады», – дейді ол.

Маман сондай-ақ қазір арнайы үйретілген иттер безгек, қант диабеті, Паркинсон ауруы, тіпті онкологиялық ауруларды да иіс арқылы анықтай алатынын еске салды.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу