БҰҰ: Әлемде жаппай аштық орын алуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: Әлемде жаппай аштық орын алуы мүмкін

22.04.2020
БҰҰ: Әлемде жаппай аштық орын алуы мүмкін

Қазірден бастап әлем елдері азық-түлік қорын сақтау бойынша арнайы шаралар қабылдамаса, бірнеше айдың ішінде дүниежүзі бойынша жаппай аштық орын алуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ-ның өкілі Дэвид Бизли мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әлем бойынша 800 миллионнан астам адам аштықпен күресуде. Алдағы уақытта азық-түлік жетіспеушілігінен 30-дан аса мемлекет зардап шегуі мүмкін. Жағдайдың ушығуына коронавирус пандемиясы ғана емес, мұнай бағасының құлдырауы, жұмыс орындарының қысқартылуы және еңбек мигранттарының табыссыз қалуы негізгі факторлар болып саналады.

БҰҰ-ның келтірген мәлеметтеріне сәйкес, мұндай жағдай ең алдымен Африка халқы мен әскери шиеленіс аймағындағы тұрғындарға әсер етеді. Мамандардың есебіне сәйкес, әлем елдері қазірден бастап арнайы шаралар қолданбаса, жаппай аштық салдарынан күніне 300 мың адамға дейін өмірден озуы мүмкін.

Дереккөз: Gazeta.ru


Хабарламаларға жазылу