Елімізде тағы 30 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 8, Алматыда – 2, Қостанай облысында – 7, Маңғыстау обылсында – 2, Павлодар облысында – 3, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 2.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 401 адам, Алматы қаласында – 680 адам, Қарағанды облысында - 101 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 76 адам, Шымкент қаласында - 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 55 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 37 адам, Маңғыстау облысында - 16 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 72 адам, Түркістан облысында - 66 адам, Қостанай облысында - 34 адам, жалпы 2025 науқас тіркелді.
489 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды. Індеттен қайтыс болғандар саны - 19.