Қостанайда азық-түлік тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер шағымдарын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда азық-түлік тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер шағымдарын айтты

21.04.2020

Бүгін Қостанайда азық-түлік тасымалымен айналысатын бизнес өкілдері қалалық әкімдік алдына жиналды. Олар «Сергек» базасына енгізіліп, тауар тасымалдауға рұқсат етілетін көліктер санын әкімдік шектеп отырғанын айтты. Кәсіпкерлердің айтуынша, қала басшылығы әр фирмаға тек екі көлікке өтініш беру қажеттігін ескерткен. Ондай жағдайда сауда нүктелерін толық қамти алмайтынын, облыста азық тапшылығы туындайтынын айтады бизнес өкілдері.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу