Бизнес мемлекеттің сенімді серігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес мемлекеттің сенімді серігі

18.05.2018

Шағын және орта бизнесі тұрақты дамыған мемлекеттер дамудың даңғылына ең алдымен түседі. Астана форумы аясында «Бәйтерек» холдингі ұйымдастырған «Біздің әлемнің қайта түрленуі: күн тәртібіндегі бизнестің рөлі» атты панельдік пікірталаста осы ой жиі айтылды.

Аты әлемге танылған сарапшы-экономистер өз тәжірибесімен бөлісіп, ой жарыстырды. Зерттеулерге сенсек, 2020 жылға қарай азық-түлік және ауыл шаруашылық, энергетика және денсаулық сақтау саласында 380 млн. жаңа жұмыс орны пайда болмақ. Басқосу барысында осы өзгерістерге төтеп беру жолдары талқыға түсті.  

Айдар Арфиханов, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

- Алға қойған 17 мақсатымыз бар. Олар өз ішінен көптеген тармақтарға бөлінеді. Тұрақты даму ол тек ішкі жалпы өнімнің өсімі ғана емес, ол дегеніміз, сапалы денсаулық сақтау саласы, білім беру, экология. Міне, осы мәселелерді шешкен елдерді дамыған ел деп атауға болады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу