Елордада 15 тұрғын үй кіреберісі каратинге жабылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 15 тұрғын үй кіреберісі каратинге жабылған

20.04.2020

Елордада қазір 15 тұрғын үйдің кіреберістері каратинге жабық тұр. Олардың арасында «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені де бар.

Жалпы қазір Елордада ауқымды дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр. Оған Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы мен 500-ден астам адам жұмылдырылған. Қаланы дезинфекциялауға әскери қызметкерлер мен әскерге шақырылғандар да қатысады. Әлеуметтік нысандарды, сауда ойын-сауық орталықтарын, үй іші аумақтарын, кіреберістерді және басқа да адам көп жиналатын орындарды дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу