42 500 теңге алғаны үшін ешкім қылмыстық жазаға тартылмайды.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Біз үй-үйді аралап тексермейміз. Уайымдамаңыздар, сізге берілсе, алыңыз, жұмсаңыз. Тексерсе, бізді тексереді»,- деді министр.