Ғалымдар Норвегияның оңтүстігінен викингтер заманына жататын жәдігерлерді тапты. Бұл артефактілік қазыналар жаһандық жылыну салдарынан Лендбрин мұздығының еруі нәтижесінде табылып отыр.
Археологтар 2011-2015 жылдары тау жоталарында зерттеу жүргізіп, тарихи жәдігерлерді тапқан. Оның 60-ы біздің заманымыздың 300-1000 жылдарға жатады. Атап айтқанда, қолғап, ат әбзелдері, шана бөліктері, мойнында қарғыбауы бар иттердің сүйектері табылған. Сараптама натижесінде мамандар ежелгі заман тұрғындары қалың қар кезінде осы тау асуы арқылы өтетін жолды пайдаланған деген қорытындыға келді. Әсіресе көшпенді халық бұл жолмен қыстаудан жайлауға көшу кезінде өтсе керек.
Ғалымдар сондай-ақ боранға тап болғандарға төте жолды немесе ықтайтын орын көрсететін тас пирамидаларды тапқан.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар бұл жолды XIV ғасырдағы бубон обасы пандемиясынан кейін пайдалануды қойған.
Lenta.ru