Карантин уақытында киберспортқа ден қоюшылар қатары көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин уақытында киберспортқа ден қоюшылар қатары көбейді

19.04.2020

Спорт әлемі де карантинде. Коронавирустың кесірі тимеген тек киберспорт. Бұл кәсіби спорт пен IT-технологияның қосындысынан туған мидың ойыны. Шахмат сияқты. Шахматтың өзі де бар. Мұндай турнирлерге әлемнің әр түкпірінде отырған спортшылар онлайн қатыса береді. Сондықтан қазір оның аудиториясы кеңейіп жатыр. Тиісінше, кибериндустрияның да жаңа тынысы ашылды, оның ішінде видео-ойын шығару, жарыс ұйымдастыру, турнирлерге шолу жасау, тіпті интернет-провайдерлері де бар. Букмекерге бәс тігушілер де осы спортқа әуестене бастаған.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу