Нұр-Сұлтандағы кәсіпорын медициналық маска тіге бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы кәсіпорын медициналық маска тіге бастады

17.04.2020

Нұр-Сұлтандағы «Skinwood» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медициналық маска тіге бастады. Осыған дейін көпсалалы қызмет көрсеткен кәсіпорын төтенше жағдай кезінде жұмысты тоқтатпау үшін қайта бейімделіп, жаңа іспен айналысуда. Серіктестік өз қызметкерлерінен өзге уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды да еңбекпен қамтыды.  

Қазір олар күніне 100 мың маска дайындайды. Шикізат пен техниканы кәсіпорын өзі сатып алған.

Кәсіпорын басшылығы «Birgemiz» қайырымдылық қоры арқылы мұқтаж адамдарға масканы тегін таратуға да ниетті. Қоймада қазір 300 мың дайын өнім бар. Егер сұраныс артса, айына 3 миллион бетперде тігуге мүмкіндік жетеді.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу