Азық-түлік бағасын қымбаттатқандарға 500 мың теңгеден аса айыппұл салынады

17.04.2020

Елдің бірқатар өңірінде күнделікті қолданыстағы негізгі азық-түлік қымбаттап кеткен. Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында осы мәселе қатаң қаралды. Үкімет басшысының айтуынша, елде азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті. Сондықтан тапшылықтың болуы да мүмкін емес. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, барлық базарлар мен маркеттерге күн сайын мониторинг жасап, жасанды дефицит фактілерін жедел анықтап отыруды тапсырды. Айта кетейік, Президент тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде негізгі қолданыстағы азық-түліктің шекті бағасы бекітілген болатын. Бұл тауарлардың бағасын орынсыз көтерген саудагерлерге 500 мың теңгеден аса айыппұл салынады.   

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу