Air Astana әуе компаниясының ұшақтары енді жүк тасымалдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Air Astana әуе компаниясының ұшақтары енді жүк тасымалдайды

17.04.2020

Air Astana уақытша жүк тасымалдаушы әуе компаниясына айналды. Енді олар жолаушылар тасымалына арналған ұшақтармен медициналық тауарларды жеткізумен айналысады. Бұндай рұқсатты Авиациялық қауіпсіздік бойынша Еуропалық агенттік пен Қазақстанның азаматтық авиация комитеті берген. Енді еліміздің ең ірі әуе компаниясы Қытайдан Еуропаға жүк жеткізеді. Компания басшылығының сөзінше6 бұл қазіргі қиын кезеңде шығындардың бір бөлігін толтыруға мүмкіндік бермек. Бұған дейін Air Astana коронвирус кесірінен 165 миллион АҚШ долларын жоғалтқанын хабарлаған. Бұдан бөлек, жолаушылар ұшағымен жүк тасымалдауды SCAT компаниясы да қолға алып отыр. Олар Қытайдан Украинаға медициналық заттарды тасымалдап жүр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу