Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы апатқа қатысты тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы апатқа қатысты тергеу аяқталды

17.04.2020

Былтыр мамырда Мәскеудің Шереметьево әуежайында болған апатқа қатысты тергеу аяқталды. Ресейдің тергеу комитеті бұл жағдайға ұшақ командирі Денис Евдокимов кінәлі деп отыр. Құзырлы мекеменің мәліметінше, ол қауіпсіздік ережелерін бұзып, ұшу-қону жолағына қатты келіп қонған. Сондай ақ желіге апаттың толық видеосы да жүктелді. Еске салайық, Ресей әуежайында бір жыл бұрын Sukhoi SuperJet 100 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап 41 адам қаза тапқан еді. 10 адам жарақат алған болатын. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу