Қазақстанда күн 33 градусқа дейін ысиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда күн 33 градусқа дейін ысиды

17.04.2020
Қазақстанда күн 33 градусқа дейін ысиды

Синоптиктер 18-20 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын мәлімдеді.

«Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтары Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады. Осыған орай, найзағай, екпінді жел және жаңбыр күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы солтүстікте +20...+28 градусқа дейін, ал оңтүстікте +25...+33 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі», - делінген «Қазгидромет» мәліметінде.


Хабарламаларға жазылу