Елорда іргесіндегі Үркер тұрғын алқабында кәріз суы көшеге жайылып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда іргесіндегі Үркер тұрғын алқабында кәріз суы көшеге жайылып кетті

16.04.2020

Елорданың іргесіндегі Үркер тұрғын алқабында кәріз суы көшеге жайылып кетті. Соның кесірінен халық карантинді ұмытып, далаға ұмтылды.  

Қысқасы, құрылыс жұмыстары жүйесіз, әрі ретсіз жүргізілген. Сайып келгенде, тұрғындардың ойы осы. Келтірген дәйектерінде негіз бар - 142 пәтерлік үйге осы күні 30-40 отбасы қоныстанған. Кәріз жүйесі соның өзіне сыр беріпті.

Төменгі қабаттан бөлме сатып алғандар мұнда заттарын кіргізіп қойса да, өздері кіре алмай жүр. Ал үйді салған компания өкілдері мұндағы кәріз жүйесінің көп қабатты үйге арналмағанын білмесе керек. Құрылыстың аумағына ғана жауапты екенін кесіп айтты.

Ал халықпен кездесуге келген әкімдік өкілі Үркердегі қазіргі кәріз жүйесі тек жеке үйлерге ғана арналғанын біледі. Көпқабатты үйлер енді салынып жатқандықтан, олар үшін жаңа кәріз жүйесінің жобасы енді қаралып жатыр.

Тексеруге де, кәріздің салынып бітуіне де біраз уақыт кететіні анық. Анық болмай тұрған бір жайт, әзір үркерліктер өз үйі өзіне пана болмайтын сыңайлы. Өйткені көп қабатты үйде тұру мүмкін емес.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу