Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және көшелерді зарарсыздандыру жұмыстарына еліміздің Ұлттық ұланы да еселі үлес қосуда. Бір ғана Қарағандыда бүгінде қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қадағалап 500 ұландық жүр. Олар карантин режимінің сақталуын, тұрғындардың тәртіп сақтауын полицейлермен бірлесе қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек күн сайын 60 сарбаз көшелерді, көпшілік орындар аумағын дезинфекциялау жұмыстарын атқарады. Елдегі төтенше жағдай енгізілген күннен бастап олар 370 мың шаршы метр аумақты зарарсыздандырған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ