Отандық ғалымдар коронавирусты анықтайтын тест әзірлеуді жалғастырып жатыр. «Ұлттық биотехнология орталығы» Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен мамыр айында алты мың дана тест шығаруды жоспарлаған. Бұл жүйе полимеразды тізбекті реакция арқылы адамның бойында қауіпті індеттің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, өзге елдерден тест жеткізілгенге дейін, Қазақстанда осы институт әзірлеген жүйе қолданылды. Ақпанда 250 адамнан алынған алғашқы үлгілерді зерттей келе, ғалымдар 2500 тест жүйесін жасап шығарған. Қазақстандық тест жүйесі тексерістен өтіп, оның шетелдегіден еш кем емес екені дәлелденді. Сондықтан институт жұмыс көлемін арттырып, тестерді конвеерлік тәсілмен шығару жолдарын қарастырып жатыр.
Альбина ӘШІМ