Алматыда карантин кезінде 730 мыңдай жұмыс орны қысқарған. 300 мыңға тарта адам уақытша табысынан қағылды. Егер әрекетсіз отыра берсек, қала экономикасы әлсірейтінін айтты әкім. Бақытжан Сағынтаев вирустың кесірінен кері кеткен әлуетті кезең-кезеңімен қалай көтеретінін айтты. Оның негізгі жолы – кәсіпкерлік нысандарын қайта жандандыру. Осы ретте 20-шы сәуірден өнеркәсіпке шектеу алынып, 42 мыңнан аса адам жұмысына оралады. Құрылысқа қатысты барлық қызмет түрі бұрынғы қалпына көшеді. Көтерме құрылыс нарығын ашу да жоспарланған. Бұл бағытта қосымша 46 мыңдай адам кәсіпке тартылады. Алдын ала болжам бойынша бір айда жұмысшылар саны 90 мыңға дейін көбейеді.
20 сәуірде өнеркәсіп пен құрылыстан басқа алдын ала жазылу бойынша нотариус жұмысын бастайды. Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі тек бизнеске қызмет көрсетеді. Жеті күннен соң азық-түлік емес сауда нысандары автосалондар, химиялық тазалау орындары ашылады. Жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар мен көлік саласы. Банктер сағат 9-дан 4-ке дейін 50 пайыздық штатпен қызмет көрсетеді. Мамырдың соңына қарай ірі ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жұмыс істейді деп жоспарланған. Сұлулық салоны, спорт нысандары, қоғамдық тамақтану орындары мен білім беру саласы да сол кезде ашылады. Нұр-Сұлтандағы жағдай да Алматыға ұқсас. Әкімдік нақтыланған тізімді ертең мәлімдейді.
Нысаналы ЫҒЫЛ