Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қайта қаралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қайта қаралуда

15.04.2020

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын әлі де жетілдіру керек. Соңғы емле тәуелсіз сарапшылардың сынынан өтпеген. Сондықтан ғалымдардың талқылауына ұсынылып, қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Орфографикалық жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісінде айтылды. Онлайн конференцияға білікті ғалымдар жұмылдырылған. Олар соңғы нұсқаны толықтырып, арнайы комиися назарына қайта ұсынуды көздеп отыр. Бір қуанарлығы 40-тан астам емле нұсқасын ұсынушылар қатарында тілтанушылар ғана емес, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, ІТ саласының мамандары да бар.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу