Жыл соңына дейін 643 елді мекен ғаламтор желісіне қосылады. Бұл туралы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі мәлімдеді. Әрбір қазақстандық жылдамдығы жоғары интернетке қосылуы үшін байланыс операторларымен бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр. Қазақстанда 34 миллиондай мобильді құрылғы тіркелген, оның 15 миллионы интернетті белсенді қолданады. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты интернет пайдаланушылар саны 14 пайызға артқан. Алайда, байланыс операторлары жүктеме көбейгенімен, трафиктің қаншалықты қолданылып жатқанын бақылауда ұстап отырғанын айтады.
Сонымен қатар, ведомства өкілі Қазақстан қосылу жылдамдығы 100 мБит/секундпен интернет қызметіне арналған ең төменгі тариф ұсынған әлемнің 5 елінің қатарына кіретінін атап өтті.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ