Төтенше жағдайға қарамастан, тәртіпке бағынбай, заң бұзып жатқандар азаяр емес. Бірі блок бекеттерден өтіп кетуге ұмтылса, енді бірі билік өкілдеріне бағынғысы жоқ. Ал оңтүстікте танымал блогер тағы да тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Аймақтардағы тәртіп бұзушылықтардың бір парасына Қуаныш Қанатұлы шолу жасады. Бұл Қарасай ауданында болған жағдай. Бентли мінген екі жас тәртіп сақшыларының талабына бағынбай санитарлық бекеттен өте шыққан. Онымен қоймай, осы әрекетін мақтан тұтқандар түсірген бейнежазбасын әлеуметтік желіге салған. Дәл сол видео заңбұзушылықтың дәлелі ретінде өздерінің алдынан шықты. Олар 15 тәулікке қамалды. Осыған ұқсас тәртіп бұзу фактілері Қызылордада, Ақтөбеде Шымкентте және Көкшетауда анықталған.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ