Тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

14.04.2020
Тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

Тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды.

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында, карантин мерзімінде тарауық намазы мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз», - деді Бас мүфти.

Сондай-ақ ТЖ кезінде мешіттерде, қоғамдық орындарда ауызашар беру уақытша тоқтатылады. 

Биыл Рамазан айы 24 сәуір күні басталады.

Хабарламаларға жазылу