Испания елдегі карантин режимін бәсеңдетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания елдегі карантин режимін бәсеңдетуде

14.04.2020
Испания елдегі карантин режимін бәсеңдетуде

Испания билігі елдегі коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантин режимін бәсеңдетуді бастады. Дүйсенбіден бастап 3 млн испан азаматы өз жұмыстарына қайта оралды. Олардың басым көпшілігі құрылыс саласының мамандары.

Алайда биліктің бұл шешімі халықтың наразылығын тудыруда. Олар Испанияда COVID-19 вирусының қайта өршіп кетуі мүмкін деп отыр. Дәл қазіргі таңда Испанияда 170 мыңға жуық адамнан вирус табылған. 65 мың адам дертен жазылып шықса, 17 мыңнан аса науқас көз жұмды.

Соңғы күндері Испания мен Италиядағы вирус жұқтыру фактілері әлдеқайда төмендегендіктен, Испания үкіметі осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Дереккөз: euronews


Хабарламаларға жазылу