Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтады

14.04.2020
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтады. Бүгінге дейін 1 925 138 адам инфекция жұқтырған. Оның 119699-ы қайтыс болды. 446 мыңнан астам науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.

Вирус жұқтырғандар мен өлім-жітім саны АҚШ -та көп тіркелді. 587155 адам дертке шалдыққан. 23644 науқас індеттен көз жұмды. 

Жұқтыру дерегі көп тіркелген елдердің қатарында Испания (170099/17756/64727), Италия (159516/20465/35435), Франция (136779/14967/27718) бар. 

Францияда коронавирусқа байланысты шектеулер 11 мамырға дейін ұзартылды.

Хабарламаларға жазылу