Түркістандағы шаруаларға өнімді экспорттауға рұқсат қағаз берілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандағы шаруаларға өнімді экспорттауға рұқсат қағаз берілуде

13.04.2020

Көктемгі егіс жұмыстарына карантин кедергі емес. Пісіп жетілген өнімін сыртқа өткізе алмай, шарқ ұрған шаруалардың да мәселесі шешілді. Қырыққабат экспортына қойылған шектеу алынып тасталды. Өткізу нарығы айқындалып, көрші облыстар әкімдіктерімен келісім жасалды. Осылайша, Түркістаннан еліміздің өзге өңірлеріне 50 мың тонна, Ресейге 250 мың тонна қырыққабат экспорттау жоспарланып отыр. Ал шаруаларға блок бекеттерден кедергісіз кіріп шығуы үшін арнайы құжат беріліп жатыр.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу