200-ден астам дәрігердің індет жұқтыруы Қазақстан үшін тым көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

200-ден астам дәрігердің індет жұқтыруы Қазақстан үшін тым көп

13.04.2020

200-ден астам медицина мамандарының індет жұқтыруы Қазақстан үшін тым көп екенін айтады Қытайлық дәрігерлер. Өйткені, әуелгі қорғану шаралары ақ халаттылардан басталу керек. Дегенмен олар мұндай факт алғашында Қытайда да көптеп тіркелгенін айтады. Дәрігерлерді вирустан қорғаудың амалдары мен науқастарды емдеу тәсілдері қандай?

Қытайда вирус жұқтырған 3500-ға жуық медицина маманының басым бөлігі коронавируспен алғашқы айларда ауырған. Олар бастапқыда вирустың қауіптілігін ескермеді. Сондықтан Қазақстан бұл қателікті қайталамай, қамдану шарасын қолға алу қажет екенін айттықытайдан келген дәрігерлер.

Қытайда емдеудің 7 бағдарламасы әзірленген. Ал Қазақстанда бесеу. Алдағы екі аптаның ішінде дәрігерлер эпидемиологиялық жағдайды бақылап, осы бағдарламаларға қатысты арнайы ұсыныстарын айтады. Бұл дәрігерлер Қытайдың Шыңжаң өлкесінен келген. Онда коронавирустің 76 жағдайы тіркеліп, 3 адам қайтыс болды. 73-і дерттен құлан таза айықты.

Қытайда карантин 76 күнге созылды. Екі жарым ай халық үйден шықпады, сақтанды, мамандар ұсынған талапты орындады, шыдамдылық танытты. Ал Қазақстандағы қазіргі жағдайға қытайлық мамандардың көңілі тола қоймады. Өйткені, мынадай жүріс азаймаса, вирустың да көбейері хақ дейді олар.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу