Әлеуметтік төлем тағайындаған кезде, бір отбасынан неше адамнан өтініш түскені есепке алынбайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«Біз адам санына қарамаймыз. Егер бір отбасынан үш-төрт адам төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылып қалып, өтініш берсе, бәріне бірдей төленеді. Ең бастысы, біздің талаптарға сай келсе болды», – деді министр.