Атышулы WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде болған уақытында екі баласы дүниеге келген. Бұл туралы Ассанждың адвокаты әрі қалыңдығы Стелла Моррис мәлімдеді.
Стелла Морристың айтуынш,а олардың арақатынасы 2015 жылдан бері жалғасып келеді. Қазір Моррис үш жастағы Габриэль және бір жасар Макс есімді екі баланы жалғыз асырап отырғанын жеткізді.
Қазір Джулиан Ассанж Лондондағы Белмарш абақтысында отыр. Ұлыбритания түрмелеріндегі коронавирус індетінің өршіп кетуінен қорыққан Моррис Ассанждың денсаулығына алаңдайтынын айтуда. Ақпарат көзіне сүйенсек, қазіргі таңда Ұлыбриятания абақтыларында 1000-ға жуық адам вирус жұқтырған. Ал Белмарш түрмесінде бір адам қауіпті індеттен көз жұмған.
Естеріңізге сала кетейік, WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж әлемдік державалардың құпия дипломатиялық келіссөздері мен әскери қылмыс және билік өкілдерінің жемқорлығы туралы аса құпия мәлеметтерді жариялағаны үшін көпетеген мемлекеттердің «ызасына» тиген болатын. 2019 жылы Лондондағы Эквадор елшілігінің аумағында қолға түсіп, Лондон түрмесіне қамалды.
Дереккөз: ВВС