Елордада әлеуметтік маңызы бар нысандарда дезинфекциялық туннельдер пайда бола бастады. Алғашқы туннель №3 көпбейінді балалар ауруханасының ауласында орнатылды. Алдағы уақытта қала бойынша мұндай 10 кешен орнатылады. Сыйымдылығы 500 литр бөшкедегі дезинфекциялық сұйықтық бу генераторыларының көмегімен туннельге кірген адамның үстін 7 секунд ішінде залалсыздандырады. Әрі киімге жабысқан патогендердің барлығын жояды.
Ал Павлодарда экономикалық тергеу департаменті тәркілеген спирт өнімдері антисептик шығаруға пайдаланылмақ. Заңсыз арақ-шарап өндірісінен тәркіленген мың литр спирттен жергілікті ғалымдар антисептик өндіруге кірісті. Ал заласыздандыру құралдары алдағы уақытта облыс тұрғындарына тегін таратылады.
Махамбет БЕЙБІТШІЛІК