Семейдегі әуежайдың ұшып-қону жолағы 600 метрге ұзартылып, барлық коммуникациялар жаңартылады. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары аясында мәлім болды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде басталған жұмыстарға мемлекет қазынасынан 10,4 млрд. теңге бөлінген. Премьер шаһардағы ең ірі бірінші жылу орталығына барып, 2009 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жұмыстарын көрді.
Дарын САҒИТОВ