Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне қосымша 2 миллион теңге беріледі. Егер маман індеттен көз жұмса жақындарына 10 миллион теңге көлемінде әлуметтік төлем қарастырылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті қаулыны әзірлеп жатыр. Қаражат мемлекеттік медициналық сақтандыру қорынан бөлінеді.
Ал елімізде індеттің шарықтау кезеңі алдағы бір -екі аптада тіркелетінін айтады Ботагөз Жекселекова. Десе де, соңғы 4 күн ішінде, әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында инфекцияның таралуы 3-тен 7 пайызға дейін азайған. Маман осы коронавирусты есепке алмағанда республика бойынша өлім-жітім санының айтарлықтай кемігенін айтып отыр.
Ләйлә ДУЛАТ