Алматыда коронавирустан 64 жастағы әйел көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирустан 64 жастағы әйел көз жұмды

10.04.2020

Алматыда коронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйел 3 аптадан аса ем қабылдаған. Оның індетті жұқтырғаны 16 наурыз күні анықталыпты. Науқас коронавирус анықталған адамдармен байланыста болған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің тыныс алу, жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігінен жағдайы күрт нашарлаған. Себебі, әйел басқа да созылмалы аурулулармен ауырған.

Алматыда COVID-19 вирусы тағы бір адамнан анықталып, инфекцияны жұқтырудың 122 фактісі тіркелді. Екі адам індеттен жазылып шықты. Олардың ауру деңгейі жеңіл болған. Қазір 14 күндік үй карантиніне шығарылды. Инфекциялық стационарларда 96 науқас, оның арасында 4 бала ем алып жатыр. 1 адам өте ауыр, ал 4 науқас ауыр жағдайға жатыр.

Дегенмен, Алматы әкімдікі карантин кезінде дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасының негізгіз қымбаттамауын қадағалауда. Бүгінде дәрінің 103 түрі науқастарға ең бірінщі кезекте қажет препараттар ретінде тіркелген. Осы тізім бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Мегаполистегі 135 дәріхананы тексеру кезінде 5-еуінің дәрі бағасын заңсыз көтергені анықталған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, дәріхана иелеріне 97 мыңнан 235 мың теңгеге дейін айыппұл салынған.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу