Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің онлайн отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің онлайн отырысы өтті

10.04.2020

Жаһанға жайылған індетке байланысты халықаралық жиындар онлайн режимде өтіп жатыр. Бүгін Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Үкіметаралық кеңесіне бейнеконференция арқылы қатысты. Одақтас елдердің талқылаған тақырыбы да ортақ. COVID-19. Онлайн отырыста үкімет басшылары осы індетпен бірлесе күресіп, дағдарысты бірге еңсеруге уағдаласты. Атап айтқанда, халық үшін аса маңызды ауыл шаруашылығы тауарлары импортын алмастыру арқылы нарықты қарық қылу қажеттілігін жеткізді. Яғни, өзара сауда-саттықтағы кедергілерді барынша жою керектігін ескеретті.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу