Оқушылар қашықтан оқуға бейімделіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар қашықтан оқуға бейімделіп келеді

09.04.2020

Балалар қашықтан оқуға үйреніп келеді. Алғашқы кездегідей емес, ата-аналар да  бейімделіп қалған сыңайлы. Онлайн тиімсіз деп, көпшілік қашықтан оқытуды жөн санады. Шалғай ауылдардағы интернет жиілігінің нашарлығы болмаса, қазір білім алуға басқа кедергі жоқ. Балаларға да үйден оқыған ұнап жатыр. Еркін формат тың әрі қызық екенін айтады олар.  Бар жағдайы болса да бала көңіл алтын ұя-мектебін, аяулы ұстаздары мен тай-құлындай тебіскен достарын аңсайды.

Төпелеген тапсырма жоқ. Берілген жұмысты бала өзінің ыңғайына қарай орындайды. Қателессе мұғалім кері байланыс орнатады. Бірақ ол туралы ешкімге есеп бермейді.  

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу