Парламент сенатында да Елбасынның мақаласы мен Қазақстанның коронавирусқа қарсы күресі сөз болды. Айта кетейік, жалпы отырыс онлайн режимде өтті. Сенат спикері Дариға Назарбаева мақалада айтылған азаматтарымыздың денсаулығын сақтау, күрделі жағдайда халықты және ел экономикасын қолдау жөніндегі мемлекет тарапынан қолға алынған шараларға тоқталды.
Оңғар АЛПЫСБАЙ