Алматы хайуанаттар бағындағы жан-жануарлар мен аң-құстардың денсаулығы күн сайын қадағаланып, тіпті, көңіл-күйі қызметкерлердің жіті назарында. Себебі, күні кеше АҚШ-та зообақтағы жыртқыштардан Сovid-19 вирусы анықталды. 13 наурыздан бастап карантинге жабылған
Індеттің таралуына байланысты мал дәрігерлері хайуанаттардың денсаулығын күнделікті тексеріп, көңіл-күйіне дейін қадағалайды. Ал зообақ мамандары жануарларға жеке-жеке көңіл бөліп, жейтін тамақтарының сапалы болуын бақылайды.
Қарағандыдағы хайуанаттар бағы да жұмысын тоқтатқан. Мұнда аң-құстың, су және құрлық жәндіктерінің 209 түрі бар. Жалпы саны 1600-ге жуық. Оларды 21 адам күтіп баптайды.
Алматылық зообақ хайуанаттарын онлайн тамашалауға мүмкіндік бар. Ол үшін қызметкерлер күнделікті видео әзірлеп, әлеуметтік желілерге жүктеп отырады.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ