Коронавирустан қоқыс пакетімен қорғанған кім? Жамбылдық ақ халаттылар тағы да желіні дүрліктірді. Бүгін ғаламторда кәдімгі күнделікті өзіміз қолданатын қара сары дорбаны үсті-басына ораған дәрігерлердің бейнежазбасы тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Денсаулық сақтау министрлігі де видеоның Тараз қаласында түсірілгенін растап отыр.
Бұл бейнежазбаның коронавирус тақырыбына қатысы жоқ болып шықты. Видеодағы дәрігерлер емес, еріктілер екен. Үкіметтік емес ұйымның волонтерлары онкологиялық аурумен науқастанатын емделушінің үйіне келген.
Ал кешегі жамбылдық дәрігер қызметтік тексерудің басқаша жүргізіліп жатқанын жеткізді. Желідегі жазбаға сәйкес науқас маман өзіне жала жабыла ма деп қорқады.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы болған жайтты бұрмалап әлек. Тіпті, науқас дәрігер стреске берілді деп те ақталды.
Қызметтік тексерудің қанша уақыт жүргізілетіні әзірге белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі егер аталған жайт расталып, дәрігердің шағымы дәлелденсе жауапты мамандар жазаға тартылады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ