Алматыда 13 сәуірден кейін қатаң карантин режимі тоқтай ма? Бүгін қаланың Бас санитар дәрігері елді елеңдеткен сауалға жауап берді. Айзат Молдағасымованың сөзінше, тұрғындардың карантин ережелерін қатаң сақтауы оң нәтиже берді. Яғни, Covid-19 вирусын жұқтыру көрсеткіші төмендеп отыр. «Егер адамдар арасында ауру жұқтырғанын жасырғандар болса, оларды барынша тез анықтау жұмысын күшейттік»,- деді Бас санитар. Індетті толық ауыздықтау үшін адамдар ауру белгілері біліне бастағанда, жылдам медициналық көмекке жүгінуі қажет.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ