Пандемия салдары: жұмыссыздық пен дағдарыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия салдары: жұмыссыздық пен дағдарыс

09.04.2020
Пандемия салдары: жұмыссыздық пен дағдарыс

Әуе тасымалы көлемінің төмендеуінен 25 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы осылай деп дабыл қағып отыр.

Қазір 2,7 млн қызметкердің үштен бірі мәжбүрлі түрде еңбек демалысына шыққан. Еуропада авиаиндустрия дағдарысы 5,6 млн жұмыс орнына әсер етеді.

Ал алдын ала сатып алынып, қайтарылатын билеттер бағасы - 35 млрд доллар шамасында. IATA директоры жолаушылар түсіністік танытып, басқа билетке кепілхат алуға келісім береді деп үміттеніп отыр.

Еуропадағы ең ірі Luftansa авиаконцерні дағдарыс салдарынан Germanwings бюджеттік бөлімшесін жабатытын мәлімдеді. Әзірге компанияға тиесілі 760 ұшақтың 700-і тоқтап тұр. Басшылық әуе тасымалы көлемін қайта қалпына келтіруге бірнеше жылдар қажет дейді.

euronews.com

Хабарламаларға жазылу