Биыл елімізде мұнай өндіру көлемі 4 миллион тоннаға дейін төмендеуі мүмкін. Жылдық жоспар 90 миллион тонна деп межеленген. Алайда, қара алтын құнының құлдырауы өндіріс көлемін азайтуға мәжбүрлеп отыр. Айта кетейік, Қазақстан мұнай бағасын тұрақтандыруға мүдделі. Тіпті, мұнай экспорттаушы елдер ұйымының өндіріс көлемін қысқарту жөніндегі бастамаларын қолдап келеді. Мәселен, былтыр ОПЕК-пен арадағы келісімді артығымен орындап, өндірісті тәулігіне 56 мың баррелге дейін қысқартты. Бірақ биылғы ахуал қалай болмақ? Осы мақсатта Энергетика министрлігіне хабарласқан едік. Алайда ведмоства өкілдері мұнай көлемін қысқартуға қатысты сұраққа бүгін жауап бере алмаймыз, ОПЕК+тің ертеңгі жиынынан кейін хабарласуымызды сұрады.
Ербол МӘНДІБЕК