Бүгін әлем биржаларында мұнай бағасы біршама өсті. Оның америкалық сұрыбы - WTI бірден 5,67 пайызға қымбаттап, 24,97 долларға саудаланды. Ал Brent маркалы шикізаттың құны 2,48 пайызға көтеріліп, 32 доллар 66 центке сатылған.
Кейбір сарапшылардың ойынша, сауда алаңдарында мұнай фючерстерінің жоғарылауына ертең өтетін ОПЕК+ кездесуіне инвесторлардың үлкен үміт артуы себеп.
Айта кетсек, бірнеше аптадан бері Ресей мен Сауд Арабиясы өндірісті қысқартуға келісе алмай келеді. Бұған қоса, мұнайдың арзандауына коронавирус пандемиясы кесірінен дүниежүзінде энергетикалық отынға тәуліктік сұраныстың ондаған миллион баррельге азайып кетуі түрткі болды.
Арыстан РЫСБЕК