Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты колл орталықтардың жұмысы қызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты колл орталықтардың жұмысы қызды

08.04.2020

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты колл орталықтардың жұмысы қыза түскен. Қазір халыққа қызмет көрсету және iKomek 109 

бірыңғай байланыс орталығының мамандары күні-түні жұртшылықтың қоңырауына жауап береді. Көбінің сұрағы әлеуметтік көмекке байланысты: «42 500 теңгені алу үшін не істейміз», «тегін берілетін азық-түлікті қалай аламыз» деп хабарласады екен.

Қазір ХҚКО қызметкерлерінің барлығы қашықтан жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік реестр бойынша 700-ге жуық қызмет болса, соның 80 пайызын үйден шықпай-ақ электронды жүйемен алуыңызға болады.

Ал iKomek 109 жағдай басқаша. Байланыс операторларының жұмысы бір жерде қыж-қыж қайнап жатыр. Бұрын 30 қызметкер болған. Қазір 53 -ке жетті. Бұрын 10 мыңдай қоңырау түссе, қазір 15 мың қоңырауға жауап береді.

Үш жыл бұрын ашылған iKomek 109 алғашқы жылы 1 миллион 400 мың қоңырау түскен. Ал биыл үш айдың өзінде 650 мыңдай қоңырау шалыныпты. Тұрғындар үйде отырып-ақ мәселесін шешуге үйреніп келетінін айтады мамандар.

Сәуле АЛДАМҰРАТ




Хабарламаларға жазылу