Сондай-ақ дәрігерлерге «Біз біргеміз» қоғамдық қорына жиналған қаржыдан көмек көрсетіледі. Жалпы, бүгінге дейін қорға жиналған қаржы көлемі 14 миллиард теңгеден асады. Оның 8 миллиард теңгесі медициналық маска алуға, әлеуметтің әлсіз топтарын қолдауға және медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеуге жұмсалған. Шығындарды тәпсірлеп берсек. 8 миллиард теңгенің - 531 миллионы 5 миллион маска сатып алға аударылды. Ал жеті жарым миллиардтан астам теңге қиын жағдайға тап болған 150 мың тұрғынға 50 мың теңгеден үлестірілген. 106 миллион теңге болса, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы эпидемиямен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге төлем жасау үшін бөлінді.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ