Қазақстанда 30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемақы алады. Бұл жөнінде сүйінші хабарды еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің әлеуметтк желідегі парақшасында жариялады. Онда: «4-сәуірде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау мәселелері бойынша бұйрыққа қол қойдым. Сол күні ол Әділет министрлігінде тіркелді. Бұйрықта барлық тәуекел тобы, төлем мөлшері мен тізімді қалыптастыру тәртібі айқындалған», - делінген. Сондай-ақ министрдің сөзінше, еліміздің өңірлерінде де тиісті комиссия жасақталып, медицина қызметкерлерінің тізім түзілген. Бүгінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы барлық өңірдегі медициналық ұйымдардың есепшотына қаржы аударыла бастаған. Апта соңына дейін ақша дәрігерлерге толық жетпек. Сөйтіп 30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемақыға қол жеткізеді», - деген өз жазбасында Елжан Біртанов.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ