Елімізде вирус жұқтырған 120 дәрігердің бірі ауыр халде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде вирус жұқтырған 120 дәрігердің бірі ауыр халде жатыр

08.04.2020

Жамбылдық дәрігердің Facebook-тегі жан айқайы елді елең еткізді. Инфекционист Толқынай Ордабаева коронавирусті карантиндегі пациенттерден жұқтырған. Қазір Тараздағы арнайы орталықта ем алып жатыр. Ашынған ақ халатты қорғаныш құралдары жетіспей, маска тігуге мәжбүр болғанын айтады. Қарбалас қызметтік борышы тағы бар. Мұның барлығы денсаулығына кері әсер еткенін айтады дәрігер.

Жамбылдағы денсаулық сақтау басқармасына қатысты былықтың бетін ашқан жазбаға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірден назар аударып, тиісті мекемеге тапсырма берді.

Бүгінге дейін еліміздің 8 өңірінде 120 медицина маманы коронавирус жұқтырған. Тең жартысы науқаспен тікелей байланыста болғандар. Біреуі ауыр халде жатыр. 

Шетелдік ақпараттарға көз жүгірстек, әлемдегі ақ халаттыларға да оңай соғып жатқан жоқ. Мәселен, Испанияда – 19000, Италияда – 6500, Қытайда – 3300, Германияда 2500 медицина маманы коронавирус жұқтырған. Франция дәрігерлерлері маска өндірісіне көңіл бөлмеген үкіметті сотқа берді. Зимбабвенің ақ халаттылары қорғаныш құралдары жетпегендіктен көтеріліске шықты. Бұлармен салыстырғанда Қазақстандағы ахуал қалыпты. Қазір қосымша 10 мың маман резервте тұр. Дәрігерлердің жұмысын жеңілдетудің жалғыз жолы – науқастардың азаюы. Ал азаю үшін қарапйым қағидаларды сақтау шарт.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу