Елордада вирус жұқтырған 5 науқас ауыр халде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада вирус жұқтырған 5 науқас ауыр халде жатыр

08.04.2020

Елордада вирус жұқтырған 5 науқас ауыр халде жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Жалпы, вирус жұқтырған 222 науқас 2167 адаммен байланыста болған. Олар дер кезінде оқшауланып, тексеріс жүргізілді. Осылайша, шетелден науқастанып келгендер 12 пайыз, олардан жұқтырғандар 29 пайызды құрап отыр. Мамандар, соңғы үш күнде елордада коронавирус жұқтыру дерегі бәсеңдегенін айтады. Вирусты анықтайтын экспресс тестінің көлемі де жеткілікті. Сынама тек эпидемиологиялық жағдайға байланысты жасалады. Ал емделушілердің үшеуінің жасы 70-тен асқан. 3 пайызы бала, қалғандары орта жаста.

Азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқандар 265 мыңнан 530 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Мұны да Елорда әкімдігінің шенеуніктері ескертті. Қазір бағаны тұрақтандыру үшін құзырлы органдар рейдтер жүргізуде. Жалпы, елордада тауар тапшылығы жоқ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 30 мың тонна қоры бар. Жүк тасымал үшін кіреберісте жасыл дәліз жасақталған.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу