Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен коронавирустың таралуына қарсы күресті талқылады. Телефонмен әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Ал Помпео мырза Вашингтонның пандемияны тезірек ауыздықтау және оның салдарын жою мақсатындағы екіжақты ықпалдастықты арттыруға мән берді. Сондай-ақ қос елдің саяси диалогын, стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері де сөз болды.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ