Қазақстан тауарларына қызығушылығы бар елдерде қосымша жұмыстарды атқару керек - Ж.Қасымбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан тауарларына қызығушылығы бар елдерде қосымша жұмыстарды атқару керек - Ж.Қасымбек

02.05.2018

Тауарларды шет елдерге экспорттау бойынша мемлекеттік органдар мен бизнесмендер сауда-экономикалық келісімдердің негізгі ережелерін дұрыс пайдалана алмай жүр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Сол себепті, басымды бағыттар бойынша рәсімделген құжаттарды жан-жақты түсіндіріп, барлық проблемаларды үкіметаралық комиссияның қарауына дер кезінде шығару қажет. Бұдан басқа, шет елдерде Қазақстанның мүддесіне жұмыс істейтін экспорттық-промоутерлік қолдау жүйесі дұрыс дамымаған. Соның салдарынан жаңа нарықтарға кіру мүмкін болмай тұр. Ал, дамыған мемлекеттердің көбісі сауда-өкілдік желілерін ашып алған. Мысалы, Оңтүстік Корея, Аустралия, Ресей және тағы басқа елдер осы бағытта жақсы жұмыс істеп келеді. «Сол себепті, сыртқы сауданың көлемін арттыру үшін Қазақстан тауарларына қызығушылығы бар елдерде қосымша жұмыстарды атқару керек», - деді министр өз баяндамасында.  

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Қабылданған экспорттық стратегиямыздың аясында шет елдерде өкілдіктер ашу шараларын жалғастыру қажет. Біріншіден, экспорттық қызығушылығы басым елдер, ол - Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Беларусь, Украина. Сонымен бірге, шет елдерде жаңа экспорттық инфрақұрылымды қолдау құралдарын қолға алу қажет.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу