Алматыда тәртіп бұзғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тәртіп бұзғандар ұсталды

07.04.2020

Алматылық полицейлер 11 адамды бір көлікке тиеген. Әлеуметтік желілерде осындай атаумен тараған видеоға қатысты Қалалық ішкі істер департаменті жауап берді. Полицейлер бұл оқиғаның 4-ші сәуір күні болғанын және видеоның толық көрсетілмегенін айтты. Көшеде құжатсыз және себепсіз жүріп, карантин режимін бұзған 11 адам полиция пунктіне бірнеше көлікпен жеткізілген. Олардың бәрі ережеге бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал тәртіп бұзғандардың қатарында 17 жастағы бала да болған.

Хабарламаларға жазылу